Страхование от несчастного случая

Қандай жағдайларда сақтандыру қажет?

Біз қаншалықты мұқият болсақ та, болуы мүмкін нәрсенің барлығын болжау мүмкін емес. Өкінішке орай, өзіңізді жазатайым оқиғалардан толық қорғау мүмкін емес. Бірақ біздің компаниямен сақтандыру шартын жасап, ол бойынша келесі өмірлік жағдайларда қосымша қаржылық қолдау алуыңызға болады:

  • Жарақаттар мен әртүрлі зақымданулар, соның ішінде соғылу мен сынықтар;
  • Техникамен немесе құралдармен жұмыс істеу барысында жарақат алу;
  • Спортпен айналысу нәтижесінде жарақат алу;
  • Жануарлардың қабуы мен жәндіктердің шағуы;
  • Улы өсімдіктермен, химиялық заттармен, дәрі-дәрмектермен немесе азық-түлікпен улану;
  • Үсік шалу, күйіктер, электр тогының соғуы;
  • Еңбекке жарамдылықтан уақытша айрылу;
  • Еңбекке жарамдылықтан айырылған жағдайда кредит бойынша төлемдер;
  • Басқа сыртқы құбылыстардың әсері.

Біздің барлық бағдарламамыз толық сақтандыру өтелімін ұсына отырып, ақылға қонымды бағалармен ерекшеленеді. Сақтандырудың әртүрлі нұсқаларының арқасында сіз өзіңізге немесе жақын адамдарыңызға сәйкес келетінін таңдай аласыз.

САҚТАНДЫРУ КІМГЕ КЕРЕК?

  • Әуесқой және кәсіби спортпен айналысатын спортшыларға
    Сақтандыру жаттығулар кезінде, жарыстарға және жиындарға қатысқан кезде жарақат алған жағдайда, төлем жасауды қарастырады.
  • Жарақат алу қаупі бар өндіріс қызметкерлеріне
    Сақтандыру сізге және сіздің отбасыңызға емделген кезде қолдау көрсетеді.
  • Тұтынушылық және өзге де кредиттеу бойынша банк қарыз алушыларына
    Сақтандыру сізге уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде төлемдерді уақытылы төлеу үшін уайымдамаушылықты қамтамасыз етеді.
  • Өз денсаулығы мен жақындарының әл-ауқатын ойлайтындардың барлығына
    Сақтандыруды отбасыңыздың барлық мүшелеріне сатып алуға болады.

«Basel» сақтандыру компаниясы АҚ-да САҚТАНДЫРУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Құны шамалы бола тұра, сақтандыру арқылы қорғаудың жоғары деңгейі;
  • Бірнеше минут ішінде есептеу және рәсімдеу;
  • РӘсімдеу үшін тек жеке куәлік қажет;
  • Полис әрқашан жеке кабинетте қол астында;
  • Онлайн рәсімдеген кезде – сақтандыру сыйлықақысынан 10 % жеңілдік

САҚТАНДЫРУДЫ РӘСІМДЕГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

БІЗГЕ ӨТІНІМ ЖІБЕРІҢІЗ

Это поле обязательно для заполнения
Это поле обязательно для заполнения