АНЫҚТАМАСЫ

КҚИ АҚЖМС сақтандыру – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру. Міндетті автосақтандыру полисі әрбір автокөлік иесіне қажет. Сақтандырудың бұл түрі ЖКО (жол-көлік оқиғасы) орын алған кезде, сіз кінәлі болған жағдайда, үшінші тұлғалардың өміріне, мүлкіне, денсаулығына келтірілген залал бойынша шығыстарды өтеуге көмектеседі. КҚИ АҚЖМС сіздің көлік құралыңызды қалпына келтіруге және жөндеуге байланысты шығындарды өтемейді.


СІЗ ПОЛИСТЕРДІҢ КЕЛЕСІ ТҮРЛЕРІН РӘСІМДЕЙ АЛАСЫЗ:

  • Стандартты – бір автокөлік және оны жүргізуге рұқсат етілген бірнеше жүргізуші;
  • кешенді – бір жүргізуші және бірнеше автокөлік

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЛИМИТІ- Бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – 600 АЕК-ден көп емес*

  • - Бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2000-нан аспауға тиіс.


– Әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін – 2000 АЕК-тен көп емес


- Мүгедектікті белгілеу:

  • I топ – 1600 АЕК
  • II топ – 1200 АЕК
  • III топ – 500 АЕК;
  • мүгедек бала – 1000 АЕК;
  • мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден көп емес.


ЖЕҢІЛДІКТЕР - Көлік құралдарының иелері стандартты шарт жасасқан кезде төлеуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының 50% мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейді

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
  • I және II топтағы мүгедектер
  • зейнеткерлер


ПОЛИСТІҢ ҚҰНЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН МӘН-ЖАЙЛАР


  • Автокөлікті басқаруға рұқсат етілген жүргізушілердің жүргізу өтілі мен жасы
  • Бонус-малус – КҚИ АҚЖМС бойынша төлемнің болуы немесе болмауы.
  • Автокөліктің түрі
  • Автокөліктің шығарылған жылы
  • Автокөлікті тіркеу орны.


* АЕК – ең төменгі есептік көрсеткіш, 2021 жылға 2917 теңгені құрайды


САҚТАНДЫРУДЫ РӘСІМДЕГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

БІЗГЕ ӨТІНІМ ЖІБЕРІҢІЗ

Это поле обязательно для заполнения
Это поле обязательно для заполнения